Командалық

Азия ойындары: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті

Азия ойындары: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші кездесуінде Оңтүстік Кореядан басым түсті.

Ел құрамасы үшінші кездесуінде Оңтүстік Кореяны 24:4 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар Сингапурды 12:6 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17 есебімен есе жіберді.

Үш турдан кейін олар 4 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Қытайдың - 6, Жапонияның - 4 ұпайы бар.

Енді ел құрамасы 29 қыркүйекте Таиланд, 30-қыркүйекте, 1- қазанда Өзбекстанмен кездеседі.

Еске салсақ, үш алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0