русский язык

Қазақстан құрамасы ойыншысының трансферлік құны көбейді

Қазақстан құрамасы ойыншысының трансферлік құны көбейді

Transfermarkt порталының сайтында ойыншылардың трансферлік құны жаңартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа деректер бойынша, Қазақстанның ең қымбат футболшысы Бақтиер Зайнутдинов тағы 500 мың еуроға қымбаттады. Қазір оның құны 6,5 миллион еуро құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов осы жазда мәскеулік ЦСКА-дан Ыстамбұлдың «Бешікташ» командасына ауысқан болатын. Бейресми деректерге сәйкес, түркиялық клуб Қазақстан құрамасы ойыншысының трансфері үшін шамамен 5 миллион еуро төлеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;