Колумбияда футбол клубының президентін матчтан кейін біреулер өлтіріп кеткен

Колумбияда «Тигрес» (Богота) президенті Эдгар Паес Кортес оққа ұшты. Оның командасы В Примерасында (екінші дивизион) калилік «Атлетикодан» (2:3) жеңіліп қалған, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тигрес» Кортес қаза тапқанын ресми мәлімдеді. TyC Sports мәліметінше, 23 қыркүйекке қараған түні 63 жастағы функционер стадионнан кетіп бара жатқан кезде мотоцикл мінген екі белгісіз адам атып кеткен.
Қазір құқық қорғау органдары бұл қылмысты тексеріп жатыр.