Қазақстандық регбишілер Азиадада 5-орын алды

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы қытайлық Ханчжоудағы Азия ойындарында 5-орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылар Сингапур құрамасымен кездесті. Біздің команда қарсыласын 50:0 есебімен жеңді.
5-орын үшін матч
Қазақстан - Сингапур 50:0
Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.