Қазақстандық волейболшылар 2023 жылғы Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Қазақстандық волейболшылар 2023 жылғы Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Бүгін волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының алтыншы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы Аустралия құрамасына қарсы турнирдің 5-8 орындары үшін матч өткізді. Кездесу 25:16, 21:25, 19:25, 25:15, 15:12 есебімен қазақстандық спортшылардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы кешірек белгілі болады.

Азия чемпионаты. Әйелдер. 5-8 орындар

Қазақстан - Аустралия 25:16, 21:25, 19:25, 25:15, 15:12

Еске салайық, Азия чемпионаты 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или