Марат Быстровтың командасы Ресей чемпионатының матчында жеңіске жетті

Қазақстандық футболшы Марат Быстров өнер көрсететін «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 7-турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Екатеринбург Аренада» «Уралға» қонаққа барды. «Ахмат» бұл ойында 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 44-минутта «Ахмат» шабуылшысы Мохамед Конате пенальтиден салды.
Марат Быстров бұл кездесуде қосалқы құрамда болғанымен, алаңға шыққан жоқ.