«Барыс» жаңа маусымдағы капитанын жариялады

Астаналық «Барыс» 2023/24 жылғы маусымдағы капитанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа маусымда капитандық міндет клуб ардагері Роман Старченкоға берілді. Оның көмекшілері функциясын Алекс Грант пен Әлихан Әсетов орындайды.
Старченко бұған дейін де капитан болған. Ол елордалық клуб сапында 14 маусым ойнады. Ал өткен маусымда «Спартак» сапында өнер көрсетті.
Фото: hcbarys.kz