ММА

Екі лигада чемпион болған файтер OCTAGON 49 турнирінде өнер көрсетеді

Екі лигада чемпион болған файтер OCTAGON 49 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстандық-қазақстандық файтер Шермурат Калилов (6-0) келесі жекпе-жегін Бішкектегі OCTAGON 49 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Еуразиялық жекпе-жек лигасының жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионының қарсыласы мысырлық Ахмед Эльгариб (7-6) болады.

Айта кетейік, OCTAGON лигасының титулынан өз еркімен бас тартқаннан кейін Калилов Грузияның GFC промоушенінің чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Тағы бір айта кетерлігі, Калилов Қырғызстанның тумасы, бірақ ол Астанадағы Takhtay Team спорт залында жаттығады, сондықтан ол октагонға екі жалаумен шығып жүр. 

Еске салайық, 8 қыркүйекте Бішкектегі «Газпром» аренасында өтетін жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы жекпе-жек өтіп, онда қырғызстандық Мықтыбек Мамасалиев (12-4) пен мысырлық Махмуд Мохаммед Афиа (5-5) кездеседі.

OCTAGON 49 турнирінің билеттерін kassir.kg сайтынан алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0