Данияр Елеусінов Украинадағы соғысқа өз көзқарасын білдірді

Данияр Елеусінов Украинадағы соғысқа өз көзқарасын білдірді

Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов Дмитрий Гончарға берген сұхбатында Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы туралы айтып, сол елге жасаған сапарларын еске алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Украинаға қалай қарайсыз?

– Менің Украинаға деген достық көзқарасым бар. Олар бізбен жанжалдасқан жоқ.

- Сіз Украинаны қолдайсыз ба?

- Мен барлығын қолдаймын. Соғыста дейсіз бе? Мен саясатқа араласпаймын. [Соғыстың] себебі неде екенін білмеймін. Қарапайым халықта кінә жоқ. Саясаткерлердің ісі. Мен орыстарды жаман, украиндарды жаман деп айтпаймын. Өзара бауырлас адамдар. Мынау қырғыздар, өзбектер сияқты, айталық. Біз бір-бірімізбен ұрыспаймыз деп үміттенемін.  Өйткені, адамдардың бір-біріне деген қаскөйлігі жоқ – ағайын, гені бір деуге болады. Тілдері ұқсас. «Біз басқамыз» деп қалай айтсаң да. Жоғарыда отырғандар ғана кінәлі.

Мен Украинаны құрметтеймін, Мариупольде, Киевте өткен жарыстарда болдым... Мариуполь айтпақшы, қиратылды, өкінішті. Бұл әдемі қала, жақсы естеліктер қалды.  Қазаққа қашанда құрметпен қараған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или