Ұлыбританиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Ұлыбританиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Феликс Кэш қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

<span>Ол бүгінге дейін 16 рет жұдырықтасып, 16-сында жеңіске жеткен. Тіпті, 10-ын уақытынан бұрын аяқтаған. Осының арқасында WBO рейтингінде 4-ші тұр. Ал Жәнібек дәл осы тұжырым бойынша чемпиондық белдіктің иегері. </span>

<span>Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Ол ең соңғы рет биыл мамыр айында жұдырықтасты. АҚШ төрінде канадалық Стивен Батлерді жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. </span>

<span>Ал Феликс Кэш соңғы рет былтыр желтоқсанда ғана кәсіпқой рингке шыққан. Ол Англияның Лидс қаласында португалиялық Келсо Невешамен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или