Жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (14-0, 9 КО) жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Феликс Кэш (16-0, 10 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жәнібек, жекпе-жек өткізейін. Ұрысатын адам таппай жүр екенсің, сенің мықтылығыңды тексеріп көрейін», - деп жазды Кэш.

Айта кетейік, Кэш кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізді. Ол төрешілер шешімімен португалиялық Келсо Невешті (9-4-2, 2 КО) жеңді.

Ал Әлімханұлы биыл мамырда канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) нокаутпен ұтты. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или