Жазғы универсиадада Милад Карими спорттық гимнастикадан чемпион атанды
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық атлет кермедегі сайыстың финалдық сатысында бірінші орын алды. Көрсеткіші - 14,800. Екінші орынды қытайлық Ши Сун (14,600) алса, үшінші орынға жапниялық Сугимото Каито (14,233) жайғасты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орын алды.
Тағы бір күміс медальге ат үстіндегі сайыста Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или