Дональд Трамп Геннадий Головкинмен кездесуі туралы айтты

Дональд Трамп Геннадий Головкинмен кездесуі туралы айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC YouTube арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы айтты. Ол спортшымен кездескенін және оның өнеріне тәнті болғанын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сұхбат алушы Дональд Трамптан GGG-мен кездесуі туралы сұраған кезде АҚШ-тың экс-президенті Головкинді Сауль Альварес екеуінің арасында болған жекпе-жегінде көргенін айтты.

"Бұл өте қызық болды. Мен ол кезде Мар-а-Лагода болдым. (...) Ол жақта GGG деген жігіт болды. Мен ол туралы ешқашан естіген емеспін. Бірақ оған қарап, оның жауынгер екенін бірден түсіндім. Ол келіп: "Менің атым Головкин, GGG" деді. Ол Madison Square Garden алаңында жекпе-жек өткізіп жатқанын айтты.

Ол кезде ол әлі жас еді. Бірақ өзі керемет болған. Ол басқалардан әлдеқайда жақсырақ еді. Мен оның қалай чемпион болғанын көрдім.

Меніңше, ол чемпион атанды. (Бір кездері - ред.) оның қатысуымен жекпе-жек болған, кімге қарсы шыққаны маңызды емес, кім болғанын айтқым келмейді, бірақ ол жеңіліп қалды. Ол жекпе-жектің белгілі бір уақытында басымдық танытқан болатын, алайда шешім оның пайдасына қабылданған жоқ. Бұл жайт жүрегімді жаралады. Оның да тас-талқанын шығарды. Бірақ бұл жігіт керемет еді, ол мықты айқасты", – деді Трамп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или