«Астана» - «Динамо Загреб» кездесуінің бірінші таймы аяқталды
Астанада Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің екінші ойыны өтіп, оның аясында «Астана» Загребтің «Динамосын» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймнан кейін «Астана» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 24-минутта Махир Эмрели гол соқты. Қазақстандық команда бұл ойынға келесі құрамда шықты: Xондрич, Вороговский, Эбонг, Томасов, Оганесян, Айымбетов, Прокопенко, Марочкин, Томашевич, Лончар, Аманович.
Еске салайық, командалардың Загребтегі алғашқы ойыны «Астананың» 0:4 есебімен жеңілісімен аяқталған болатын. «Динамо» сапында Лука Иванушец хет-трик жасаса, Бруно Петкович те бір гол соқты. Чемпиондар лигасынан түсіп қалған жағдайда «Астана» Еуропа лигасына жолдама алады, онда үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық «Лудогорецпен» кездеседі.