Аты аңызға айналған қақпашы 45 жасында мансабын аяқтауды шешті
Джанлуиджи Буффон мансабын аяқтауға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
45 жастағы қақпашы «Пармамен» келісім-шартын бұзады, содан кейін кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялайды.
Sky басылымының хабарлауынша, ойыншының өкілі клуб басшылығымен кездесіп, келісімді бұзу туралы келіседі.
Джанлуиджи Буффон өзінің үлкен мансабын 1995 жылы «Пармада» бастады, команда сапында 2001 жылға дейін ойнады.
Осыдан кейін итальяндық қақпашы «Ювентуста» 2018 жылға дейін ойнады, содан кейін ПСЖ-дағы маусымнан кейін 2019 жылы клубқа оралды.
2010 жылы Буффон Италия құрамасының капитаны болды, ал 2018 жылы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.
Ол бес әлем чемпионатына қатысты (1998, 2002, 2006, 2010, 2014). 2006 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, сонымен қатар турнирдің үздік қақпашысы деп танылды.
Буффон өзінің соңғы екі маусымын Парма клубында өткізді.