Жанкүйерлер қазақстандық клубтардың матчтарына барлық билеттерді сатып алды

Жанкүйерлер қазақстандық клубтардың матчтарына барлық билеттерді сатып алды

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбе» - «Торпедо» және «Тобыл» - «Базель» матчтарына барлық билеттер сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, клубтың ақтөбелік жанкүйерлері билеттерді небәрі үш сағатта сатып алған.

Қостанайдағы «Орталық» стадион 9700 көрерменге арналған, Ақтөбедегі стадион 12800 көрерменге арналған.

Екі матч та 3 тамызда өтеді.

«Ақтөбе» алғашқы ойында «Торпедо Кутаисиді» (4:1) жеңсе, «Тобыл» да «Базельді» (3:1) ірі есеппен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или