Қазақстандық өрт сөндіру қызметінің жүргізушісі ММА турнирінде чемпион атанды
Аралас жекпе-жектен өткен турнирде Өскемен қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі чемпион атанды.
«Пожарка» жүргізушісі Шымкентте өткен Alash Pride – 87 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Д.Махабаджановқа қарсы шыққан Ерзат Сақабанов 56 келі салмақта өнер көрсетті. Шайқас нәтижесінде өртке қарсы қызметтің жүргізушісі Ерзат Сақабанов турнир чемпионы атанды.
Ерзат Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өскемен қаласы No9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты шенінің иегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или