Басқа

Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 14-орынға көтерілді

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлде алғаннан кейін Қазақстан медальдар кестесінде 14-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты жеңді.

Ол жарыс барысында С.Жұбатқан Венгрия, Түрікменстан, Әзербайжан балуандарын қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол беріп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.

Медальдар кестесінде Жапония 8 (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) жүлдемен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Қытай (4-2-2) мен Оңтүстік Корея (4-2-2) келеді.

Ал Қазақстан бір қола жүлдемен Франция, Германия, Макао, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Вьетнам құрамаларымен 14-орынды бөлісіп тұр.

Универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0