Теннис

Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехиядағы Оломоуц ITF W60 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова - Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Чехиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бір апта бұрын Ж.Құламбаева Римде осындай жарыста жеңімпазы атанды. Бұл жолы финалмен шектелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0