Андрей Шабанов «Жетісу» сапынан кетті

Андрей Шабанов «Жетісу» сапынан кетті
news-banner7
mobile-news-top

Тараптардың өзара келісімі бойынша қақпашы Андрей Шабанов «Жетісу» командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісуда» Андрей 2015 жылдан бастап ойнады және «Жетісу» командасында болған жылдар саны бойынша рекордқа ие.

Сегіз жылға жуық уақыт бойы Андрей «Жетісу» клубына адал болып, онымен бірге Бірінші-Лигаға түсуден бастап Жоғары дивизионға оралуға дейінгі әр түрлі кезеңдерден өтті.

Командамен бірге барлық көтерілістер мен құлдырауларды бастан өткерді. Бірнеше рет команда капитаны болып тағайындалды. Жас командаластарымен өзінің бай кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Бүгін, «Жетісу» ФК басшылығы, команданың және жаттықтырушылар штабының барлық мүшелерінің, жанкүйерлердің атынан Андрейге ұзақ жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз және оған алдағы мансабында табыс тілейміз!», - деліген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0