Алғашқы УЕФА-КОНМЕБОЛ кубогында «Севилья» жеңіске жетті

Испанияда маусым алды халықаралық кубокта «Севилья» мен «Индепендьенте дель Валье» кездестідеп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның негізгі уақыты тең аяқталды – 1:1. Ал пенальти сериясында испаниялық команда 4:1 есебімен жеңіске жетті.
«Индепендьенте» ойыншысы Брайан Диас есеп ашқан, ал «Севилья» сапынан 90+1 минутта Педро Ортис гол соқты.
Пенальти сериясында «Севильяның» 4 ойыншысы да мүлт кеткен жоқ, ал эквадорлық коман сапынан бір ойыншы ғана дәл соққы жасай алды.