Екі нокаутшы кездеседі. Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы белгілі болды

Екі нокаутшы кездеседі. Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxingscene.com мәліметінше, Жан нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 26 тамызда Талста (Оклахома штаты, АҚШ) өтеді. Кездесу он раундқа есептелген.

Кособуцкий - Аджагба жекпе-жегі америкалық Джаред Андерсон мен украиналық Андрей Руденко кездесуінің андеркардында болады.

Еске салайық, бұған дейін Жан виза мәселесіне байланысты Андерсонмен жекпе-жекке шыға алмай ұалған еді. Олар 26 тамызда Талста кездесу деп күтілген. Бірақ екі боксшының қарсыластары екі түрлі болып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или