Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды
Қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1-1, 4 КО) келесі жекпе-жектің өтетін күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 шілдеде Елжанов Лонг-Бичте (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында өнер көрсетуі керек еді, бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өткізілмей қалды.
Белгілі болғандай, енді Айдын тамыз айында боксқа шығуды жоспарлап отыр. Нақты күні мен өтетін орны әлі жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта спортшы АҚШ-та жаттығуын жалғастыруда.
Айдын Елжанов бұған дейінгі жекпе-жегін 1 сәуірде де Лонг-Бичте өткізді. Онда ол мексикалық Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-2) тең тарқасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или