Жұмағұловты жеңген файтер UFC-дегі тағы бір қазақпен күш сынасуға келісті

Америкалық файтер Джошуа Ван қазақстандық Азат Мақсұмның жекпе-жекке шақыруын қабыл алды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі «Спорт Шредингера» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Америкалық файтер Instagram-да бірқатар сторис жариялады.
«Сұрап жатқан нәрсеңнен абай бол. Сұрағаның келуі мүмкін».
Ван жазбасында Азатты жекпе-жекке дайындалуға 3-4 ай керек деген сөзі үшін мазақтады:
«Ол жекпе-жек сұрап отыр, бірақ дайындыққа 3-4 ай керек екен. Мен сендердің жігіттеріңді (Жалғас Жұмағұловты) бір апта дайындалып жеңдім».
Кейін сторис жариялады:<span> </span>«3-4 ай - ақылға қонымсыз».
Еске салайық, Джошуа Ван маусымда Жалғас Жұмағұловты төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или