Александр Усик Украина президенттігіне сайлауға түсетінін мәлімдеді

<span>Бокстан әлем чемпионы Александр Усик Украина президенттігіне сайлауға түсетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.</span>
<span>Бұған дейін Усик Бүкіләлемдік бокс кеңесінің ауыр салмақтағы чемпионы Тайсон Фьюримен кездесу өткізу туралы келісімшарт жасасқан еді. Украиналық боксшы 26 тамызда британдық Даниэль Дюбуамен жұдырықтасады.</span>
<span>«Мен бірінші ауыр салмаққа оралып, тағы да абсолют чемпион атанамын да, президенттік сайлауға түсемін», - деді боксшы. </span>
<span>Александр Усик Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының, Халықаралық бокс федерациясының, Бүкіләлемдік бокс ұйымының және Халықаралық бокс ұйымының ауыр салмақтағы чемпионы саналады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или