Цукерберг Маскпен жекпе-жегінің алдында UFC чемпиондарымен жаттықты

Америкалық бизнесмен және Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг, UFC чемпиондары - кикбоксшы Исраэль Адесанья және австралиялық аралас жекпе-жек шебері Александр Волкановскимен бірге жаттықты.
«Мен сендермен бірге жаттығуды мақтан тұтамын!» Бұл туралы Цукерберг Instagram парақшасында жазды.
Бұған дейін америкалық кәсіпкер Илон Маск Ultimate Fighting Championship (UFC) Даңқ Залының мүшесі және ұйымның орта және жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Жорж Сент-Пьермен жаттығу жиынын өткізген болатын.
Илон Маск бұған дейін твиттерде Марк Цукербергпен сегізбұрышта жекпе-жек өткізуге дайын екенін жазған болатын. Кейінірек Цукерберг Tesla басшысын Instagram аккаунтында орналасқан жерін жіберуді талап етті. Миллиардерлер жекпе-жекті итальяндық Колизейде өткізу мүмкіндігін қарастырды.
UFC президенті Дана Уайт Маск пен Цукербергпен жекпе-жегін ұйымдастыру үшін келіссөздер жүргізгенін айтты. Уайттың айтуынша, екі кәсіпкер жекпе-жек өткізуіге бел буып отыр. Оның айтуынша, ол Лас-Вегаста көрме форматында өтуі мүмкін.