Сауль Альварестің бапкері бокстан қазақстандық командаға қосылды

Сауль Альварестің бапкері бокстан қазақстандық командаға қосылды

Танымал бапкер әрі менеджер Эдди Рейносо қазақстандық Suleimen Promotions промоутерлік компаниясына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Мeta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі Инстаграм желісінде хабарлады.

«Біздің Suleimen Promotions командасының жаңа мүшесі Эдди Рейносоны қарсы алыныздар! Жақында қызықты жаңалықтар болады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Рейносо екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің бапкері әрі менеджері. Промоушен боксшылары Бек Нұрмағанбет, Абылайхан Жүсіпов, Евгений Павлов және Әбілхан Аманқұл қазір АҚШ-та мексикалықпен бір залда жаттығып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или