Жеңіліп көрмеген қазақстандық «Брюс Ли» «командаға команда қарсы» турнирінде өнер көрсетеді

«Брюс Ли» лақап атымен танымал жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Нұрғиса Ғалымжанов (3-0) келесі жекпе-жегін 22 шілдеде Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандық файтер Инстаграм желісіндегі парақшасында OCTAGON 47 турнирі аясында жекпе-жек өткізетінін жариялады. Ғалымжанов әзербайжандық жеңіліп көрмеген файтермен кездеседі. Қарсыласының есімі әзерге белгісіз.
Еске салайық, қазақстандық «Брюс Ли» былтыр тамыз айында танымал тәжікстандық поп-ММА файтері Камариддин «Камиль Каратэ» Хасановты жеңгеннен кейін танымал болды.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Бекзат Алмахан (15-1) бразилиялық Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі. Бұл жекпе-жек Бразилия мен Қазақстан арасындағы алғашқы кездесу аясында өтеді. Бұған дейін Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы елдер арасында өтетін «командаға команда қарсы» турнирін жариялаған болатын.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink