Попко Нидерландыдағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Монтекьяруголо (Нидерланды) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінің финалында Италия өкілі Андреа Арнаболди екі сетте 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.