Ақерке Рамазанова Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдені жеңіп алды

 Ақерке Рамазанова Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдені жеңіп алды

Астанада мәресіне жеткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ақерке Рамазанова қола жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова (+78 кг) Нидерланд спортшысы Карен Стивенсонмен қола медаль тағдырын шешті. Әлемдік рейтингте нидерландылық дзюдошы 22-орында болса, 22 жастағы Ақерке 54-сатыда еді. Қазақстандық спортшы бір минутқа жеткізбей, К.Стивенсонды таза ұтты. Бұл - А. Рамазанованың Grand Slam турниріндегі алғашқы медалі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или