Қазақстандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Г. Ломакин жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда ресейлік Денис Клокқа есе жіберді – 1:6, 2:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или