Әлімханұлы — Батлер жекпе-жегінде қанша билет сатылғаны белгілі болды

Әлімханұлы — Батлер жекпе-жегінде қанша билет сатылғаны белгілі болды

Инсайдер Джед Гудман 13 мамырда Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешіне қанша билет сатылғанын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен кездесті. 

Гудманның айтуынша, сол күні Stockton Arena-да 3 952 билет сатылып, жалпы табыс 219 144 доллар болған. Бұдан бөлек 1761 адам шақыру бойынша барған. Аренаның жалпы сыйымдылығы - 10 308 орын.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Батлер арасындағы жекпе-жек екінші раундта аяқталды, «қазақ стилі» нокаутпен жеңіске жетіп, чемпиондық атағын екінші рет сәтті қорғады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или