«Интер» Италия кубогын жеңіп алды

Италия кубогының финалында «Фиорентина» мен «Интер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Миландық клуб «Фиорентинаны» 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
«Фиорентина» ойыншысы Николас Гонсалес 3-минутта есеп ашты. «Интер» сапында Лаутаро Мартинес матчтың 29 және 37-минуттарында гол соғып, дубль жасады.
Осылайша, миландық клуб Италия кубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды.
Бұл «Интердің» биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Симоне Индзаги командасы 2022 жылғы Италия Суперкубогының финалында «Миланды» (3:0) жеңген болатын.
Айта кетейік, 10 маусымда «Интер» Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Ситимен» кездеседі.