Қазақстан чемпионатының клубы қорғаушымен келісімшартты ұзартты

Shaiba.kz сайтына белгілі болғандай, қорғаушы Сергей Лазарев Горнякпен келісімшартты ұзартты, деп жазады Prosports.kz.
24 жастағы қорғаушы өткен маусымды «Бейбарыста» бастап, 7 матч өткізіп, ұпай жинаған жоқ. Хоккейші Рудный клубына ауысқаннан кейін тұрақты маусымдағы 15 кездесуде 3 нәтижелі пас берді.
Қазақстан чемпионатында «Сарыарқа» мен «Теміртау» сапында да өнер көрсетті.