русский язык
Хоккей

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының топтағы орны анықталды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының топтағы орны анықталды

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде нешінші орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің команданың қарсыластары – Словакия мен Норвегия топтық кезеңдегі соңғы кездесуін өткізді. Бұл ойында 4:1 есебімен Словакия жеңіске жетті.

Осылайша Норвегия құрамасы алты ұпай жинап, жетінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан олардан бір ұпай артық жинап, алтыншы орынға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;