Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді

Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін неміс Винченцо Гуальтьеримен (20-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құдайға шүкір, жекпе-жек жақындап келеді! Тарихқа қосылыңыздар», - деп жазды Фалькао<span> </span>Instagram-парақшасында.

Боксшы жариялаған ресми постерде Фалькао — Гуальтьери кездесуі 1 шілдеде Вупперталь (Германия) қаласында өтетіні жазылған.

Боксшылар таласатын орта салмақтағы IBF белдігі әзірге бос. Бұрын ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болатын, бірақ ол титулдан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или