Футзал

Қазақстан құрамасы қорғаушысының командасы Либертадорес кубогының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы қорғаушысының командасы Либертадорес кубогының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лео өнер көрсететін бразилиялық «Жоинвиль» футзалдан Венесуэла астанасы Каракаста өтіп жатқан Либертадорес кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жоинвиль» топтық кезеңнің алғашқы екі турында боливиялық «Фантасмас» пен колумбиялық «Реал Антиокияны» 1:0 есебімен жеңді. 

Соңғы тур алдында «Жоинвиль» 6 ұпаймен В тобында көш бастап тұр, аргентиналық «Барракас Сентральдан» 2 ұпайға алда. Командалар топтық кезеңнің үшінші турында кездеседі.

Фото instagram.com/jec.krona

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0