«Манчестер Сити» осы маусымда ерекше жетістікке қол жеткізді

«Манчестер Сити» осы маусымда ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Opta Sports сайтына сілтеме жасап.
Барлық турнирде «қалалықтар» өз алаңындағы матчтарда 100 гол соқты, бұл Еуропаның топ-5 чемпионаттағы ең үздік нәтиже.
Осы маусымдағы барлық турнирде өз алаңында ең 5 команда:
1. «Манчестер Сити» — 100 гол.
2. «Бавария» — 66 гол.
3. «Манчестер Юнайтед» — 65 гол.
4. «Боруссия» (Дортмунд) — 58 гол.
5. «Реал» (Мадрид) — 57 гол.