русский язык
ММА

UFC Vegas 73 турнирінде қазақстандық файтер ресейліктен нокаутпен ұтылды

UFC Vegas 73 турнирінде қазақстандық файтер ресейліктен нокаутпен ұтылды

Аралас жекпе-жектен UFC Vegas 73 турнирінде жеңіл салмақтағы қытайлық этникалық қазақ Мақсат Қайсар ресейлік Вячеслав Борщевпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің екінші раундында ресейлік спортшы нокаутпен жеңіске жетті.

Вячеслав Борщев үшін бұл жеңіс үш жеңіліспен кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісі болды (оның UFC-дегі рекорды – екі жеңіс және екі жеңіліс). Мақсат Қайсардың кәсіпқой рекорды қазір UFC-дегі бір жеңіс пен екі жеңілісті қосқанда 9 жеңіс пен 3 жеңіліске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;