Қазақстан – Латвия матчының тікелей трансляциясы

20 мамырда хоккейдін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алтыншы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздің хоккейшілердің кезекті қарсыласы - Латвия құрамасы.
Латвия Қазақстанмен матч алдында қатарынан үш жеңіске жетіп, 8 ұпай жинады, қазір В тобында төртінші орында тұр.
Ал Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері екі ойында буллит сериясында жеңіске жетіп, 4 ұпай жинады.
Қазақстан – Латвия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 23:10-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.