Қазақстан чемпионаты: 10-тур ойындарының тікелей трансляциясы

20 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында Талдықорған, Қарағанды және Астана қаласында үш матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен 17:00-де талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.
Талдықорғандағы ойынмен бір уақытта Қарағандының «Шахтері» мен Павлодардың «Ақсу» командасы кездеседі.
Ал «Астана» мен петропавлдық «Қызылжар» арасындағы матч өтеді. Турнирлік кестеде көш бастап тұрған қос команда ойыны Астана уақытымен 19:00-де басталады.
«Шахтер» – «Ақсу» және «Астана» – «Қызылжар» матчын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.