Қасымбай Hardcore FC турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай Алматыда өткен Hardcore FC турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы әзербайжандық Аловсет Мамиев болды. Бұл жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Мұратбек Қасымбай кәсіпқой мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді.