Қазақстан ММА-нің аңызы ұзақ уақыттан соң октагонға оралады

Қазақстандық спортшы Ержан Естанов (17-9-1) Алматыдағы OCTAGON 45 турниріндегі қарсыласы анықталды.
Оның қарсыласы мысырлық Хасан Мандур (9-4) болмақ. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді.
Еске салайық, O45 ивенті 27 мамырда Алматыда өтеді. Турнирде Теймур Жапаров, Аян Тұрсын, Нұрберген Шәріпов, Ержан Естанов, Мықтыбек Мамасалиев, Жұмабек Тұрсын, Ильяр Асханов, Георгий Кичигин сынды танымал қазақстандық файтерлер өнер көрсетеді.
Екінші маңызды жекпе-жекте ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) ресейлік Даниял «Т-34» Елбаевпен (9-5) кездеседі.