Анна Данилина Париждегі турнирдің жартылай финалына өтті

Анна Данилина Париждегі турнирдің жартылай финалына өтті
Жұптық сын бойынша Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париж "челленджер" жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге ширек финалда грузиялық Натела Дзаламидзе – белоруссиялық Лидия Морозовамен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 1,5 сағаттан астам уақытқа созылған матчта 7:5, 5:7, 10:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

Анна Данилина мен Вера Звонарева финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Чан Су Джон – қытайлық Чжаосюань Янмен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или