Nomad FC: «Фельдшердің» қырғызстандық файтерден жеңілісінің видеосы

Nomad Fighting Championship лигасы 57 келі салмақтағы чемпиондық атаққа үміткерлердің бірі Эрнест «Фельдшер» Кокомбаевтың алғашқы жеңілісінен видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz .
Қазақстандық файтер қырғызстандық Азатбек «Жауынгер» Чолпонбек уулумен жекпе-жекте фаворит болғанымен, ол бірінші раундта екі рет нокдаунға түсіп, содан кейін оның бұрышы жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдаған.
Еске салайық, 10 маусымда Алматы Аренада «Nomad Fighting Championship: Ұлы дала» атты үлкен спорттық турнир өтеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров пен Темерулан «Underdog» Шашубай арасында жартылай орта салмақтағы Гран-при финалы өтеді.
Сондай-ақ, турнирде Васиф «Esuriens» Аббасов - Шамиль «Пахан» Галимов, Қаныш «Кона» Сейдазым – Жәнібек «Ахиллес» Қанатбаев және т.б. спортшылардың қатысуымен жекпе-жектер өтеді.
Тарихта алғаш рет өтетін стадиондық жекпе-жек турниріне билеттерді<span> </span>almaty-arena.kz<span> </span>сайтынан сатып алуға болады.
Nomad FC<span> </span>лигасының ресми серіктесі -<span> </span>UNDERDOG Sports спорттық агенттігі