Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Швейцариядан ойсырай ұтылды

16 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық хоккейшілер Швейцариядан 5:0 есебімен жеңілді.
Әлем чемпионаты. В тобы
Швейцария - Қазақстан 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)
1:0 - Гайссер (Хаас, Миранда) - 04:48
2:0 - Герцог (Фора, Риат) - 27:34
3:0 - Риат (Рихард, Герцог) - 30:59
4:0 - Нидеррайтер (Мальгин, Кукан) - 40:44 ГБ
5:0 - Лойффл (Зентелер) - 49:31
Қақпашылар: Дженони - Шутов (Бояркин, 50:29 - 60:00)
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуінде Норвегияны буллит сериясында жеңген (4:3). Бірақ екінші ойында Чехиядан 5:1 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, Қазақстан хоккейшілер В тобында Канада, Норвегия, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия және Латвия құрамасымен кездеседі.