«Барыстың» экс-шабуылшысы мансабын Финляндияда жалғастырады

Қазақстандық «Барыс» клубының канадалық бұрынғы шабуылшысы Адам Хельевка мансабын жалғастыратын жаңа команданы таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы Хельевка австриялық «Инсбрук» клубынан кетіп, финдік SaiPa командасына ауысты деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Хельевка Австрия хоккей лигасында өткен маусымда Инсбрукпен 43 ойында 67 ұпай (28 гол және 39 нәтижелі пас) жинады.