Қазақстандық кәсіпқой боксшы MMA промоушенімен келісімшарт жасады

Қазақ кәсіпқой боксшысы, WBC ASIA YOUTH белбеуінің иегері Торғынбек Әміров аралас жекпе-жекке ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Торғынбек Әміровтың ММА-дағы дебюті биыл маусым айында Алматыдағы NAIZA және URAL FC промоушндарының бірлескен турнирінде өтеді.
Айта кетейік, 2020 жылы желтоқсанда Әміров кәсіпқой боксшылар арасындағы MTL GLOBAL GOLDEN CONTRACT турнирінің жеңімпазы атанды.
«Thor» лақап аты бар 23 жастағы Торғынбек Әміровтің кәсіпқой бокстағы рекорды - 6-0.