русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша чемпион Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұйыртса иықта төрт титул тұратын күн алыс емес! Бірлік барда тірлік бар. Қазақ кәсіпқой бокс тарихының келесі бетін жазуға кірістік! Qazaq style», – деп жазды 30 жастағы спортшы Инстаграм парақшасында.

14 мамыр күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғаған еді.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;