Әлімханұлы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғағаннан кейін жекпе-жектен шеттетілді

Әлімханұлы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғағаннан кейін жекпе-жектен шеттетілді

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы орта салмақтағы WBO белбеуін сарапқа салған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен канадалық Стивен Батлерге (32-4-1, 26 КО) қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, Әлімханұлы 20 мамырға дейін, Батлер - 27 маусымға дейін жекпе-жектерден шеттетілді. <span>Бұл шара спортшылардың толық қалпына келуі үшін жасалып отыр.</span>

14 мамыр күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғаса, Стивен Батлер карьерасында төртінші рет жеңіліп қалды. Ал Әлімханұлы екінші рет титулын қорғап қалды.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или